Қосылған нәрселер
MacBook Air компьютеріңізді пайдалану үшін қорапта берілген мына екі қосалқы құрал қажет:
Қосалқы құрал | Сипаттама | ||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
USB-C зарядтау кабелі (2 м): MacBook Air компьютеріңізді зарядтау үшін USB-C зарядтау кабелінің бір ұшын MacBook Air компьютеріңіздегі кез келген Thunderbolt портына, ал екінші ұшын USB-C қуат адаптеріне қосыңыз. | |||||||||||
30 Вт USB-C қуат адаптері. Қуат адаптері қосылғаннан кейін айнымалы ток ашасындағы электрлік пружинаны толық созыңыз және адаптерді айнымалы ток қуат розеткасына қосыңыз. |
Басқа адаптерлер мен қосалқы құралдар бөлек сатылады. Қосымша ақпарат пен қолжетімділік үшін apple.com торабына кіріңіз, жергілікті Apple Store дүкеніне немесе басқа сатушыларға барыңыз. Дұрыс өнімді таңдағаныңызды тексеру үшін құжаттаманы қарап шығыңыз немесе өндірушіден сұраңыз.