Voice Memos
Voice Memos жеке еске салуларды, класс лекцияларын және керек десеңіз сұхбаттарды немесе ән идеяларын түсіруді бұрынғыдан да оңайлатады. iCloud қызметімен iPhone құрылғыңызбен жазылған дауыстық ескертулерге тікелей MacBook Air компьютеріңізден қатынай аласыз.
MacBook Air компьютеріңізден жазыңыз. Жазу үшін қызыл түймені басыңыз. Жазуды тоқтату үшін Done түймесін басыңыз. Атау өрісіне теру арқылы жазбаларыңызды ұйымдастыру үшін оларға атау беріңіз. Ойнату түймесін басу арқылы жазбаңызды ойнатыңыз.
Барлық құрылғыларыңыздағы дауыстық ескертулеріңіз. Дауыстық ескертулеріңіз бірдей Apple ID идентификаторымен кірген кезде барлық құрылғыларыңызда қолжетімді болады. iPhone немесе iPad құрылғыңызбен жасаған жазбаларыңызға тікелей Mac компьютеріңізден қатынай аласыз.
Қосымша мәліметтер. Voice Memos пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.