MacBook Air компьютеріңізбен сыртқы дисплейді пайдалану
MacBook Air компьютеріңізбен Apple Studio Display сияқты сыртқы мониторды, проекторды немесе HDTV теледидарын пайдалана аласыз. MacBook Air компьютеріңіздегі USB-C порттары бейне шығысын қолдайды.
Бастамастан бұрын
Мониторыңызбен келеен құжатты қарап шығыңыз және сізде мониторыңызды қосу үшін дұрыс кабеліь бар екенін тексеріңіз.
Мониторды қосқанда, сол монитор үшін ажыратымдылық пен жаңарту жиілігін (Гц) таңдауыызға болады. Дисплейдің жаңару жылдамдығын арттырсаңыз, ең жақсы өнімділік үшін төменірек ажыратымдылықты таңдауыңыз керек. Монитордың жаңару жылдамдығы мен ажыратымдылығын реттеу үшін System Settings терезесіндегі Displays параметрлерін пайдаланыңыз.
MacBook Air компьютеріңіз қолдай алатын монитор түрі туралы қосымша мәліметтерді алу үшін «Техникалық сипаттамалар» бөлімін қарауыңызға болады. System Settings терезесін ашыңыз, Help > MacBook Air Specifications тармағын таңдаңыз, одан кейін Video Support параметрін табыңыз (төменге айналдыруыңыз керек болуы мүмкін).
Мониторды MacBook Air компьютеріне қосу
60 Гц жиілікте ажыратымдылығы 6K пиксельге дейінгі бір сыртқы мониторды қосу үшін USB-C портын пайдаланыңыз.
Мониторыңыздың қуат көзіне қосылғанына көз жеткізіңіз, одан кейін құрылғыларыңызды тиісті кабель мен порттарды пайдаланып қосыңыз. Сыртқы мониторыңыз қараңғы немесе ажыратымдылығы төмен болса атты Apple Support мақаласын қараңыз.
Маған қандай кабель керек?
Порттардың MacBook Air компьютеріңіздегі орналасқан жерін көру үшін Шолып шығыңыз: M2 чипі бар MacBook Air немесе Шолып шығыңыз: M1 чипі бар MacBook Air бөлімін қараңыз. Әрбір порт туралы мәліметтер және оның қалай көрінетіні туралы ақпарат алу үшін Mac компьютеріңізде порттарды анықтау атты Apple Support мақаласын қараңыз және MacBook Air компьютеріңізге арналған адаптерлер бөлімі арқылы өзіңізде дұрыс адаптерлердің барын тексеріңіз.
VGA дисплейін немесе проекторды қосыңыз: Мониторды немесе проекторды MacBook Air компьютеріңіздегі Thunderbolt / USB 4 портына қосу үшін USB-C VGA Multiport Adapter адаптерін пайдаланыңыз.
HDMI дисплейін немесе HDTV теледидарын қосыңыз: HDMI дисплейін немесе HDTV теледидарын MacBook Air компьютеріңіздегі Thunderbolt / USB 4 портына қосу үшін USB-C Digital AV Multiport Adapter адаптерін пайдаланыңыз.
USB-C дисплейін қосу: Дисплейді MacBook Air компьютеріңіздегі Thunderbolt / USB 4 портына қосыңыз.
Мониторды қосу үшін адаптерді пайдаланыңыз. Мониторыңыздың қосқышы пайдаланғыңыз келетін портқа сәйкес келмесе, оны адаптермен (бөлек сатылады) пайдалануыңызға болады. Қосымша ақпарат пен қолжетімділік үшін apple.com торабына кіріңіз, жергілікті Apple Store дүкеніне немесе басқа сатушыларға барыңыз. Дұрыс өнімді таңдағаныңызды тексеру үшін монитордың құжаттамасын қарап шығыңыз немесе монитор өндірушісінен сұраңыз. Mac компьютеріңіздегі Thunderbolt 4, Thunderbolt 3 немесе USB-C портына арналған адаптерлер бөлімін қараңыз.
Apple TV теледидарын AirPlay мүмкіндігімен пайдаланыңыз. Apple TV теледидарына қосылған HDMI мониторыңыз болса, теледидарда MacBook Air экранын теледидарыңыздың экранында көрсету үшін AirPlay мүмкіндігін пайдалануыңызға болады. Мәліметтерді Mac компьютеріңізде AirPlay қызметін пайдалану бөлімінен қараңыз.
Дисплейлерді реттеңіз. Сыртқы мониторды немесе проекторды қосқаннан кейін мониторлардың реттелу жолын орнату, негізгі монитор ретінде пайдаланатыныңызды таңдау және ажыратымдылықты реттеу үшін System Settings терезесіне өтіңіз және бүйірлік жолақтағы Displays түймесін басыңыз. Экраныңызды көрсеткіңіз келсе, айна ретінде қызмет еткенін қалайтын дисплейіңізді басыңыз, одан кейін «Use as» ашылмалы мәзірінен айна опциясын таңдаңыз.