FaceTime
FaceTime қолданбасын Mac компьютеріңізден досыңызға немесе бір топ достарыңызға бейне және дыбыс қоңырауларын шалу үшін пайдаланыңыз. (FaceTime сыртқы камера мен микрофонды талап етеді. Қосалқы құралдар apple.com торабында, жергілікті Apple Store дүкенінде немесе басқа делдалдарда бөлек сатылады.)
FaceTime қоңырауын шалыңыз. FaceTime бейне қоңырауларын шалу үшін камера мен микрофонды Mac Pro компьютеріңізге қосыңыз. Қоңырау шалғыңыз келетін адамның атын, телефон нөмірін немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз, одан кейін аттың немесе нөмірдің жанындағы Video түймесін түртіңіз. Бейне қоңырау шалу қолайлы болмаса, тек дыбыстық қоңырау шалу үшін Audio түймесін басыңыз. FaceTime шақыруын алғаныңызда тек бейнемен, тек дыбыспен немесе екеуімен де қосылуды таңдай аласыз.
Кеңес: Бейне қоңырау орындалып жатқанда кішкентай суреттегі сурет терезесін FaceTime терезесінің кез келген бұрышына сүйреуіңізге болады.
FaceTime қолданбасын топпен пайдаланыңыз. Топтық қоңырауда 32 адамға дейін қосуға болады. Топ жасау үшін іздеу һрісінде бірінші контакт үшін атты, телефон нөмірін немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз, Return түймесін басыңыз, одан кейін әрбір контакт үшін осы әрекетті орындаңыз. Қоңырауды бастау үшін экранның төменгі жағындағы Audio немесе Video түймесін басыңыз.
Белгі тілін анықтау. FaceTime қатысушының белгі тілін пайдаланғанын анықтайды және сол адамды Group FaceTime қоңырауында ерекшелеп көрсетеді.
Телефон қоңырауын шалыңыз. iOS 8 немесе одан кейінгі жүйесі бар iPhone құрылғыңыз болса, телефон қоңырауларын Mac компьютеріңізден FaceTime мүмкіндігін пайдаланып шалыңыз. Тек Mac компьютеріңіз бен iPhone құрылғыңыздың бір Apple ID тіркелгісімен кіргенін және екеуінде де мүмкіндіктің қосулы екенін тексеріңіз. (Mac компьютеріңізде FaceTime қолданбасын ашыңыз, FaceTime > Preferences тармағын таңдаңыз, одан кейін «Calls from iPhone» параметрін таңдаңыз.)
Ескертпе: Mac компьютеріңізде қоңыраулар шалу немесе қабылдау үшін Mac Pro компьютеріңіз бен iPhone құрылғыңыз Интернетке және бірдей Wi-Fi желісіне қосылуы тиіс. Mac Pro компьютеріңізде қоңыраулар шалу немесе қабылдау үшін сыртқы микрофон да қажет.
Қосымша мәліметтер. FaceTime пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.