Mac компьютеріңіздегі Spotlight
Spotlight — құжаттар, контактілер, күнтізбе оқиғалары және электрондық пошта хабарлары сияқты барлық нәрсені Mac Pro компьютеріңізден табудың оңай жолы. Spotlight Suggestions мүмкіндігі Wikipedia мақалаларынан, интернетте іздеу нәтижелерінен, жаңалықтардан, спорттан, ауа райынан, акциялардан, фильмдерден және басқа көздерден ақпаратты ұсынады.
Кез келген нәрсені іздеңіз. Экранның жоғарғы оң жағында түймесін басыңыз, одан кейін теруді бастаңыз.
Кеңес: Spotlight іздеу өрісін көрсету немесе жасыру үшін Command–Space bar пернелер тіркесімін теріңіз.
Валюталар мен өлшемдерді түрлендіріңіз. Валютаны—$, € немесе ¥ сияқты—және сумманы енгізіңіз, одан кейін ауыстырылған мәндердің тізімін алу үшін Return түймесін басыңыз. Немесе өлшем түрлендірулері үшін өлшем бірлігін көрсетіңіз.
Қолданбаны ашыңыз. Қолданба атауын Spotlight өрісіне енгізіп, Return түймесін басыңыз.
Spotlight Suggestions параметрін өшіріңіз. Spotlight құралының тек Mac Pro компьютеріңіздегі элементтерді іздегенін қаласаңыз, System Preferences терезесін ашыңыз, Spotlight түймесін басыңыз, одан кейін Siri Suggestions параметрінің таңдауын алыңыз. Сондай-ақ, Spotlight іздеулері санаттарының тізіміне басқа өзгертулерді жасай аласыз.
Қосымша мәліметтер. macOS жүйесінің пайдаланушы нұсқаулығындағы Mac компьютеріңізде Spotlight құралын пайдалану бөлімін қараңыз.