Mac компьютеріндегі Apple Account
Apple ID — барлық Apple қызметтеріне қатынауыңызға мүмкіндік беретін тіркелгі. Apple ID идентификаторыңызды қолданбаларды App Store дүкенінен жүктеп алу; мультимедиаға Apple Music, Apple Podcasts, Apple TV және Apple Books қызметтерінде қатынау; мазмұныңызды iCloud қызметін пайдаланатын құрылғыларыңызда жаңа күйде сақтау; Family Sharing тобын орнату; және т.б. үшін пайдаланыңыз.
Сондай-ақ, Apple ID идентификаторыңызды басқа қолданбалар мен веб-тораптарға қатынау үшін пайдалануыңызға болады (macOS жүйесінің пайдаланушы нұсқаулығындағы Mac компьютерінде Sign in with Apple параметрін пайдалану бөлімін қараңыз).
Маңызды: Apple ID құпия сөзіңізді ұмытсаңыз, жаңа Apple ID жасаудың қажеті жоқ. Құпия сөзіңізді қалпына келтіру үшін кіру терезесіндегі «Forgot Apple ID or password?» сілтемесін жай ғана басыңыз.
Басқа жанұя мүшелері Apple құрылғыларын пайдаланса, әрбір жанұя мүшесінде өздерінің жеке Apple ID идентификаторы бар екенін тексеріңіз. Apple ID тіркелгілерін балаларыңыз үшін жасауыңызға және сатып алуларыңыз бен жазылымдарыңызды осы бөлімнің соңында сипатталған Family Sharing мүмкіндігімен бөлісуіңізге болады.
Apple ID идентификаторыңызбен пайдалануыңызға болатын қызметтерді қарау үшін Apple ID идентификаторымды қай жерде пайдалана аламын? атты Apple Support мақаласын қараңыз
Барлығы бір жерде. Apple ID тіркелгіңізге қатысты барлық нәрсені бір жерден басқарыңыз. Mac Pro компьютеріңізде System Preferences терезесін ашыңыз—Apple ID және Family Sharing параметрлеріңіз жоғарыда орналасқан.
Тіркелгі, қауіпсіздік және төлем ақпаратын жаңартыңыз. System Preferences терезесінде Apple ID түймесін басыңыз, одан кейін тіркелгіңізбен байланысқан ақпаратты қарап шығу және жаңарту үшін бүйірлік жолақтағы элементті таңдаңыз.
Overview: Overview тақтасы тіркелгіңіздің орнатылғанын және дұрыс жұмыс істеп тұрғанын білеуіңізге мүмкіндік береді—болмаса, кеңестер мен хабарландыруларды осы жерде көресіз.
Name, Phone, Email: Apple ID тіркелгіңізбен байланысқан ат пен контакт ақпаратын жаңартыңыз. Apple электрондық пошта жаршыларының жазылымдарын да басқара аласыз.
Password & Security: Apple ID құпия сөзіңізді өзгертіңіз, екі факторлы түпнұсқалықты растау мүмкіндігін қосыңыз, сенімді телефон нөмірлерін қосыңыз немесе жойыңыз және басқа құрылғыға немесе iCloud.com торабына кіру үшін растау кодтарын жасаңыз. «Sign in with Apple» параметрін қайсы қолданбалар мен веб-тораптар пайдаланатынын да басқара аласыз. macOS жүйесінің пайдаланушы нұсқаулығындағы Sign in with Apple мүмкіндігін пайдалану бөлімін қараңыз.
Payment & Shipping: Apple ID тіркелгіңізбен байланыстырылған төлем әдістерін және Apple Store дүкенінен алған сатып алуларыңыз үшін жеткізу мекенжайыңызды басқарыңыз.
iCloud: Мүмкіндікті қосу үшін iCloud мүмкіндігінің жанына құсбелгі қойыңыз. iCloud мүмкіндігін қосқан кезіңізде, мазмұныңыз Mac компьютеріңізге жергілікті түрде емес, iCloud қызметіне сақталады, сондықтан оған iCloud параметрі қосылған және бірдей Apple ID идентификаторымен кірген кез келген құрылғыда қатынай аласыз.
Media & Purchases: Apple Music, Apple Podcasts, Apple TV және Apple Books қолданбаларына байланыстырылған тіркелгілерді басқарыңыз; сатып алу параметрлерін таңдаңыз; және жазылымдарыңызды басқарыңыз.
Барлық құрылғыларыңызды қараңыз. Apple ID бүйірлік жолағының төменгі жағында Apple ID тіркелгіңізге байланыстырылған барлық құрылғыларды көріңіз. Find My [device] параметрінің әрқайсысы үшін қосылғанын тексеруіңізге (Find My бөлімін қараңыз), iOS немесе iPadOS құрылғысы үшін iCloud Backup күйін қарауыңызға немесе одан әрі иеленбейтін болсаңыз, құрылғыны тіркелгіңізден жоюыңызға болады.
Family Sharing. Family Sharing параметрімен жанұя тобын орнатуыңызға және балаларыңыз үшін Apple ID тіркелгілерін жасауыңызға болады. Жанұямен бөлісу параметрлеріңізді басқару үшін System Preferences терезесінде Family Sharing түймесін басыңыз және ақпаратыңызды қарап шығу және жаңарту үшін бүйірлік жолақтағы белгішені таңдаңыз. Жанұя мүшелерін қосуыңызға немесе жоюыңызға; мультимедиа сатып алуларын, төлем әдістерін, iCloud сақтау орнын және орындарыңызды бөлісуіңізге; және балаларыңыз үшін Screen Time шектеулерін орнатуыңызға болады (Mac компьютеріндегі Screen Time бөлімін қараңыз).
Қосымша мәліметтер. iCloud және Family Sharing туралы қосымша мәліметтерді macOS жүйесінің пайдаланушы нұсқаулығындағы Mac компьютеріңіздегі iCloud мазмұныңызға қатынау және Mac компьютерінде Family Sharing тобын басқару бөлімдерін қараңыз.