Батареяны зарядтаңыз
Numeric Keypad тақтасы бар Magic Keyboard, Magic Mouse 2 және Magic Trackpad 2 құрылғыларының әрқайсысында кірістірілген зарядталатын батарея бар.
Батареяны зарядтаңыз. Numeric Keypad тақтасы бар Magic Keyboard пернетақтаңызды немесе Magic Mouse 2 тінтуіріңізді (немесе қосымша Magic Trackpad 2 құрылғысын) Mac Pro компьютеріңізге берілген USB-C to Lightning кабелімен қосыңыз. Заряд деңгейін тексеру үшін экранның жоғарғы жағындағы мәзір жолағында түймесін басыңыз, одан кейін құрылғыны таңдаңыз. Bluetooth белгішесін мәзір жолағында көрмесеңіз, Apple мәзірі > System Preferences тармағын таңдаңыз (немесе Dock тақтасында System Preferences белгішесін басыңыз), Bluetooth түймесін басыңыз, одан кейін «Show Bluetooth in menu bar» параметрін таңдаңыз.
Тастау және өңдеу туралы ақпарат бөлімін қараңыз немесе Apple литий-ионды батареялары торабына кіріңіз.