Mac компьютеріңізде Handoff мүмкіндігін пайдалану
Handoff көмегімен бір құрылғыда тоқтаған жеріңізден екінші құрылғыда жалғастыра аласыз. iPhone құрылғыңызда FaceTime қоңырауын бастаңыз, одан кейін үстеліңізге оралған кезде қоңырауды Mac mini компьютеріңізге өткізіңіз. Не болмаса, Mac mini компьютеріңізде көрсетілімде жұмыс істеңіз, одан кейін iPad құрылғысында жалғастырыңыз. Хабарды Apple Watch құрылғыңызда қарап, оған Mac mini компьютерінде жауап беріңіз. Handoff мүмкіндігі FaceTime, Safari, Mail, Calendar, Contacts, Maps, Messages, Notes, Reminders, Keynote, Numbers және Pages қолданбаларымен жұмыс істейді.
Ескертпе: Handoff мүмкіндігін пайдалану үшін сізге iOS 8 немесе одан кейінгі жүйесі бар iPhone не iPod touch немесе iPadOS жүйесі орнатылған iPad құрылғысы керек. Mac mini компьютеріңізде, iOS құрылғыңызда немесе iPadOS құрылғыңызда Wi-Fi желісі мен Bluetooth қызметінің қосылғанын және олардың бір Apple ID идентификаторымен кіргенін тексеріңіз.
Құрылғылар арасында әрекеттерді беріңіз. Көптеген әрекеттер үшін Mac mini компьютеріңіз бен басқа құрылғылар бір біріне жақын кезде, белгіше сол әрекетті беруге болатын кезде Dock тақтасында пайда болады; құрылғылар арасында беру үшін белгішені түртіңіз.
FaceTime қолданбасы үшін Dock тақтасында беру үшін ешқандай белгіше пайда болмайды. Орнына, қоңырауды iPhone немесе iPad құрылғыңыздан Mac mini компьютеріңізге беру керек болса, Mac компьютеріңіздегі мәзір жолағында түймесін басыңыз, Switch түймесін басыңыз, одан кейін Mac компьютеріңіздегі FaceTime терезесінде Join түймесін басыңыз. FaceTime қоңырауын Mac mini компьютеріңізден iPhone немесе iPad құрылғыңызға беру үшін iPhone немесе iPad құрылғыңыздың жоғарғы сол жағындағы түймесін түртіңіз, Switch түймесін түртіңіз, одан кейін Switch түймесін қайтадан түртіңіз.
Mac mini компьютеріңізде Handoff мүмкіндігін қосыңыз. System Settings терезесін ашыңыз, бүйірлік жолақтағы General түймесін басыңыз, Airdrop & Handoff түймесін басыңыз, одан кейін «Allow Handoff between this Mac and your iCloud devices» параметрін таңдаңыз.
iOS немесе iPadOS құрылғыңызда Handoff параметрін қосыңыз. Settings > General > Handoff тармағына өтіңіз, одан кейін Handoff мүмкіндігін қосу үшін түртіңіз. Егер параметрді көрмесеңіз, құрылғыңыз Handoff мүмкіндігін қолдамайды.
Apple Watch құрылғыңызда Handoff мүмкіндігін қосыңыз. iPhone құрылғысындағы Apple Watch қолданбасында Settings > General тармағына өтіңіз, одан кейін Enable Handoff параметрін қосу үшін түртіңіз.
Handoff мүмкіндігі FaceTime, Safari, Mail, Calendar, Contacts, Maps, Messages, Notes, Reminders, Keynote, Numbers және Pages қолданбаларымен жұмыс істейді.
Қосымша мәліметтер. macOS жүйесінің пайдаланушы нұсқаулығындағы Handoff көмегімен тоқтаған жеріңізден жалғастыру бөлімін қараңыз.