Дисплейді Mac mini компьютеріне қосу
Mac mini компьютеріңіздегі HDMI және Thunderbolt порттары бейне шығысын қолдайды, сондықтан сыртқы мониторды, проекторды немесе жоғары ажыратымдылықты теледидарды қосуыңызға болады.
Apple M2 чипі бар Mac mini компьютеріңізде келесі теңшелімдерде екі сыртқы мониторға дейін қоса аласыз:
60 Гц жиілікте ажыратымдылығы 4K пиксельге дейінгі бір мониторды HDMI портын пайдаланып қосыңыз.
60 Гц жиілікте ажыратымдылығы 4K пиксельге дейінгі бір мониторды HDMI портын пайдаланып қосыңыз, ал 60 Гц жиілікте ажыратымдылығы 6К пиксельге дейінгі бір мониторды Thunderbolt портын пайдаланып қосыңыз.
60 Гц жиілікте ажыратымдылығы 6K пиксельге дейінгі бір мониторды және 60 Гц жиілікте ажыратымдылығы 5К пиксельге дейінгі бір мониторды Thunderbolt порттарын пайдаланып қосыңыз.
Apple M2 Pro чипі бар Mac mini компьютеріңізде келесі теңшелімдерде үш сыртқы мониторға дейін қоса аласыз:
60 Гц жиілікте ажыратымдылығы 8K пиксельге дейінгі бір сыртқы мониторды HDMI портын пайдаланып қосыңыз.
60 Гц жиілікте ажыратымдылығы 4K пиксельге дейінгі бір мониторды HDMI портын пайдаланып қосыңыз, ал 60 Гц жиілікте ажыратымдылығы 6К пиксельге дейінгі екі сыртқы мониторға дейін Thunderbolt порттарын пайдаланып қосыңыз.
240 Гц жиілікте ажыратымдылығы 4K пиксельге дейінгі бір сыртқы мониторды HDMI портын пайдаланып қосыңыз.
144 Гц жиілікте ажыратымдылығы 4K пиксельге дейінгі бір мониторды HDMI портын пайдаланып қосыңыз, ал 60 Гц жиілікте ажыратымдылығы 6К пиксельге дейінгі бір сыртқы мониторды Thunderbolt порттарын пайдаланып қосыңыз.
Mac mini компьютеріңіздің қанша сыртқы мониторды қолдайтынын білмесеңіз, «Техникалық сипаттамалар» бөлімін қараңыз. System Settings терезесін ашыңыз, Help > Mac mini Specifications тармағын таңдаңыз, одан кейін Video Support параметрін табыңыз (төменге айналдыруыңыз керек болуы мүмкін).
Ескертпе: Бірнеше құрылғыны қосу кезінде бірінші ажыратымдылығы өте жоғары мониторды қосыңыз.
8K мониторды Mac mini компьютеріңізбен пайдалану жолы туралы қосымша мәліметтерді 8K мониторды Mac компьютеріңізбен пайдалану атты Apple Support мақаласынан қараңыз.
Кеңес: Apple TV теледидарына қосылған жоғары ажыратымдылықты теледидарыңыз болса, экраныңызды көрсету үшін AirPlay мүмкіндігін пайдалануыңызға болады. Мәліметтерді Контентті үлкен экранда AirPlay арқылы ағынмен жіберу бөлімінен қараңыз.
Мониторыңыздың қосқышы пайдаланғыңыз келетін портқа сәйкес келмесе, оны адаптермен (бөлек сатылады) пайдалануыңызға болады. Қосымша ақпарат пен қолжетімділік үшін apple.com торабына кіріңіз, жергілікті Apple Store дүкеніне немесе басқа сатушыларға барыңыз. Дұрыс өнімді таңдағаныңызды тексеру үшін монитордың құжаттамасын қарап шығыңыз немесе монитор өндірушісінен сұраңыз. Mac компьютеріңіздегі Thunderbolt 4, Thunderbolt 3 немесе USB-C портына арналған адаптерлер атты Apple Support мақаласын қараңыз.
Бұл құрылғыны Mac mini компьютеріне қосу үшін | Кабельді немесе адаптер мен кабельді пайдаланыңыз |
---|---|
Apple Studio Display | Мониторыңызбен келген Thunderbolt кабелі немесе кез келген қолдау көрсетілген Thunderbolt 3 (USB-C) кабелі. |
Apple Pro Display XDR (тек Apple Silicon процессоры бар Mac mini) | Мониторыңызбен келген Thunderbolt кабелі немесе кез келген қолдау көрсетілген Thunderbolt 3 (USB-C) кабелі. |
Thunderbolt 3 (USB-C) дисплейі | Thunderbolt 3 (USB-C) кабелі |
USB-C дисплейі | USB-C (USB 3.1) кабелі |
HDMI дисплейі немесе HDTV | Дисплейіңізбен немесе HDTV теледидарыңызбен келген HDMI кабелі немесе кез келген қолдау көрсетілген HDMI кабелі |
Thunderbolt 2 дисплейі | Thunderbolt 3 (USB-C) - Thunderbolt 2 адаптері және Thunderbolt 2 дисплейіңізбен келетін кабель |
VGA дисплейі немесе проектор | USB-C VGA Multiport адаптері және дисплейіңізбен немесе проекторыңызбен келетін кабель |
DisplayPort немесе Mini DisplayPort дисплейі | USB-C - DisplayPort немесе Mini DisplayPort адаптері және дисплейіңізбен келетін кабель |
DVI дисплейі немесе проектор | USB-C - DVI адаптері және дисплейіңізбен немесе проекторыңызбен келетін кабель |
Дисплейлерді реттеңіз. Мониторды немесе проекторды қосқаннан кейін, экранды көрсетуді қосу немесе өшіру, бірнеше мониторды реттеу және басқару және түске, ажыратымдылыққа және т.б. басқа реттеулер жасау үшін System Settings терезесіндегі Displays settings параметрін пайдаланыңыз. macOS жүйесінің пайдаланушы нұсқаулығындағы Бір немесе бірнеше сыртқы мониторларды Mac компьютеріңізбен қосу бөлімін қараңыз.
Ақаулықтарды жою. Сыртқы дисплеймен ақаулықты жою үшін Сыртқы дисплей анықталмаса немесе бұлыңғыр болып көрінсе бөлімін қараңыз.