Mac mini компьютеріңізге арналған адаптерлер мен кабельдер
Келесі Apple адаптерлері мен кабельдері Mac mini компьютеріңізді қуат көзіне, сыртқы құрылғыларға және дисплейлерге қосу және т.б. үшін қолжетімді.
Адаптерлер мен басқа керек-жарақтар бөлек сатылады. Қосымша ақпарат пен қолжетімділік үшін apple.com сайтына, жергілікті Apple Store дүкеніне немесе басқа реселлерлерге кіріңіз. Дұрыс өнімді таңдағаныңызды тексеру үшін құжаттаманы қарап шығыңыз немесе өндірушіден сұраңыз.
Кабель немесе адаптер | Сипаттама | ||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
USB-C — USB-C кабелі: Синхрондау және зарядтау үшін басқа құрылғыларыңызды немесе керек-жарақтарыңызды (мысалы, iPhone, iPad немесе Magic Keyboard пернетақтасы) Mac mini компьютеріңізге қосыңыз. | |||||||||||
USB-C - Lightning кабелі: Синхрондау және зарядтау үшін басқа құрылғыларыңызды немесе керек-жарақтарыңызды Mac mini компьютеріңізге қосыңыз. | |||||||||||
USB-C Digital AV көп портты адаптері: Mac mini компьютеріңізді HDMI дисплейіне қосыңыз, сонымен қатар стандартты USB құрылғысын қосыңыз. | |||||||||||
Thunderbolt 3 (USB-C) — Thunderbolt 2 адаптері: Mac mini компьютеріңізді Thunderbolt 2 құрылғыларына қосыңыз. Thunderbolt 3 (USB-C) адаптерін Mac mini компьютеріңіздегі Thunderbolt (USB-C) порттарымен бірге пайдалануға болады. | |||||||||||
USB-C — USB адаптері: Mac mini компьютеріңізді стандартты USB керек-жарақтарына қосыңыз. | |||||||||||
USB-C — SD карта оқу құрылғысы: Жоғары ажыратымдылықты фотолар мен видеоларды Mac mini компьютеріңізге тасымалдау үшін SD картасын салыңыз. | |||||||||||
Қосымша мәлімет керек пе?
Адаптерлер туралы қосымша ақпарат алу үшін Apple қолдау көрсету қызметінің Mac компьютеріңіздегі Thunderbolt немесе USB-C порттарына арналған адаптерлер мақаласын қараңыз.
Mac mini компьютеріңіздегі порттар туралы қосымша ақпарат алу үшін Mac mini компьютерімен танысу бөлімін қараңыз. Әрбір порт туралы және оның қалай көрінетіні туралы мәліметтерді Mac компьютеріңіздегі порттарды анықтау атты Apple Қолдау көрсету қызметінің мақаласынан алуыңызға болады.