Siri көмекшісінен сұрау
Жазба: Siri көмекшісін пайдалану үшін интернетке қосылуыңыз керек.
Siri көмекшісінен бірнәрсе істеуді сұрамастан бұрын оны белсендіруіңіз керек.
Siri көмекшісін келесі әрекеттердің бірін орындау арқылы іске қосыңыз:
Даусыңызбен: «Siri» немесе «Hey Siri» деңіз (егер бұл опция қолжетімді және Siri реттеулерінде қосылған болса). «Hey Siri» немесе «Siri» опциясының құрылғыңыз бен тіліңіз үшін қолжетімді екенін тексеру үшін iOS және iPadOS мүмкіндігінің қолжетімділігі веб-сайтын қараңыз.
iPad құрылғысындағы түймелерді пайдалану: Face ID функциясы бар iPad құрылғысындағы бүйірлік түймені басып тұрыңыз немесе «Басты бет» түймесі бар iPad құрылғысындағы «Басты бет» түймесін басып тұрыңыз.
iPad құрылғыңызға қосылған құлаққаптарды пайдалану: EarPods құлаққаптарыңыздағы ортаңғы немесе қоңырау шалу түймесін басып тұрыңыз. AirPods құлаққаптары үшін «AirPods пайдаланушы нұсқаулығы» бөліміндегі Siri функциясын реттеу бөлімін қараңыз.