iPad құрылғысындағы Safari браузерінде қойындыларды ашу және жабу

Қойындыларды көптеген ашық веб-беттер арасында шарлауыңызға көмектесу үшін пайдаланыңыз.

Сілтемені жаңа қойындыда ашу

  1. iPad құрылғыңызда «Safari» қолданбасына өтіңіз.

  2. Сілтемені басып тұрыңыз, одан кейін «Фондық режимде ашу» түймесін түртіңіз.

Қойынды тарихын қарау

Осы қойындыда бұрын кірген веб-беттеріңізді көре аласыз.

  1. iPad құрылғыңызда «Safari» қолданбасына өтіңіз.

  2. Артқа түймесін немесе Алға түймесін басып тұрыңыз.

Қойындыларды жабу

  1. iPad құрылғыңызда «Safari» қолданбасына өтіңіз.

  2. Қойындылар түймесін түртіңіз, одан кейін оны жабу үшін қойындының жоғарғы оң жақ бұрышындағы Жабу түймесін түртіңіз.

Кеңес: Осы Қойынды тобындағы барлық қойындыларды бір уақытта жабу үшін Дайын түймесін басып тұрыңыз, одан кейін «Барлық [саны] қойындыны жабу» түймесін түртіңіз.

Соңғы жабылған қойындыны ашу

  1. iPad құрылғыңызда «Safari» қолданбасына өтіңіз.

  2. Жаңа қойынды түймесін басып тұрыңыз, одан кейін соңғы жабылған қойындылар тізімінен таңдаңыз.

    Safari браузерінде веб-бет ашық. Экранның жоғарғы оң жағында «Жаңа қойынды» түймесі таңдалған және екі соңғы жабылған қойынды тізімін көрініп тұр.