iPad құрылғысында фотолар мен видеоларды импорттау және экспорттау

Фотолар мен видеоларды тікелей «Фотолар» қолданбасына сандық камерадан, SD жад картасынан немесе камерасы бар басқа iPad немесе iPhone құрылғысынан импорттай аласыз. Сондай-ақ фотолар мен видеолардың өзгертілмеген нұсқаларын тікелей сыртқы дискіге, жад картасына немесе iPad құрылғыңызға қосылған басқа сақтау құрылғысына экспорттауыңызға болады.

Фотолар мен видеоларды iPad құрылғыңызға импорттау

Сандық камера немесе сыртқы диск сияқты басқа құрылғыда сақталған фотолар мен видеоларды iPad құрылғыңыздағы «Фотолар» қолданбасына импорттаңыз.

  1. Камера адаптерін немесе картаны оқу құралын iPad құрылғыңыздағы Lightning немесе USB-C портына қосыңыз.

  2. Келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    • Камераны қосу: Адаптерді камераға қосыңыз, одан кейін камераны қосыңыз және оның тасымалдау режимінде екенін тексеріңіз. Қосымша ақпаратты камерамен келген құжаттан қараңыз.

    • Сыртқы сақтау құрылғысын қосыңыз немесе SD жад картасын картаны оқу құралына салыңыз: Картаны оқу құралындағы ұяға картаны күштеп салмаңыз; ол тек бір жолмен салынады.

    • iPhone немесе iPad құрылғысын қосу: Құрылғыны камера адаптеріне қосу үшін онымен келген Lightning адаптерін немесе USB-C кабелін пайдаланыңыз. Құрылғыны қосыңыз және құлпын ашыңыз.

  3. iPad құрылғыңызда «Фотолар» қолданбасына өтіңіз.

  4. «Импорттау» түймесін түртіңіз.

  5. Импорттағыңыз келетін фотолар мен видеоларды таңдаңыз, одан кейін импорттау орнын таңдаңыз.

    • Барлық элементтерді импорттау: «Барлығын импорттау» түймесін түртіңіз.

    • Таңдалған элементтерді импорттау: Импорттау керек элементтерді түртіңіз (әрқайсысы үшін құсбелгі пайда болады), «Импорттау» түймесін, одан кейін «Таңдалғандарды импорттау» түймесін түртіңіз.

  6. Фотолар мен видеолар импортталғаннан кейін оларды камерада, картада немесе iPhone немесе iPad құрылғысында сақтаңыз немесе жойыңыз.

  7. Камера адаптерін немесе картаны оқу құралын ажыратыңыз.

Фотолар мен видеоларды сыртқы сақтау құрылғысына экспорттау

iPad құрылғыңызда түсірген фотоларыңыз бен видеоларыңызды тікелей сыртқы дискіге, жад картасына немесе басқа сақтау құрылғысына экспорттауыңызға болады.

Ескертпе: Өңделген фотолар мен видеолар үшін өзгертілмеген түпнұсқа нұсқасы экспортталады.

  1. iPad құрылғыңызды сақтау құрылғысына iPad құрылғысындағы Lightning немесе USB-C портын пайдаланып қосыңыз немесе құрылғыны тікелей iPad құрылғыңызға қосыңыз.

  2. iPad құрылғыңызда «Фотолар» қолданбасына өтіңіз.

  3. Экспорттағыңыз келетін фотолар мен видеоларды таңдаңыз.

  4. Бөлісу түймесін, одан кейін «Өзгертілмеген түпнұсқаны экспорттау» түймесін түртіңіз.

  5. Сақтау құрылғыңызды түртіңіз («Орындар» параметрінің төменінде), одан кейін «Сақтау» түймесін түртіңіз.

Альбом құлыпталған жағдайда, Жасырылған альбомдағы фотолар мен видеолар тасымалданбайды. Оның құлпын ашу үшін «Реттеулер» > «Қолданбалар» > «Фотолар» тармағына өтіңіз, одан кейін «Face ID пайдалану», «Touch ID пайдалану» немесе «Құпиякодты пайдалану» реттеуін өшіріңіз.