iPad құрылғысында қолданбаларыңызды қалталарға ұйымдастыру
Қолданбаларыңызды басты экран беттеріңізде табуды оңайлату үшін оларды қалталарға ұйымдастыруыңызға болады.
Қалта жасау
Басты экран өңін қолданбалар дірілдей бастағанша басып тұрыңыз.
Қалта жасау үшін бір қолданбаны басқасына сүйреңіз, одан кейін қалаған барлық басқа қолданбаларыңызды қалтаға сүйреңіз.
Қалта қолданбалардың бірнеше бетін қамтуы мүмкін
Қалта атауын өзгерту үшін оны басып тұрыңыз, «Атауын өзгерту» түймесін түртіңіз, одан кейін жаңа атауды енгізіңіз.
Қолданбалар дірілдей бастаса, басты экран өңін түртіңіз және әрекетті қайталаңыз.
Аяқтаған кезде «Дайын» түймесін түртіңіз.
Ескертпе: Басты экранда қолданбаларыңызды ұйымдастыру Қолданба каталогындағы қолданбалардың ұйымдастырылуына әсер етпейді.
Басты экраныңыздан қалтаны жою
Басты экран өңін қолданбалар дірілдей бастағанша басып тұрыңыз.
Ашу үшін қалтаны түртіңіз, одан кейін оның ішіндегі барлық қолданбаларды басты экранға сүйреп апарыңыз.
Қалта бос болғанда, ол автоматты түрде жойылады.
Қолданбаны қалтадан басты экранға жылжыту
Қолданбаны табу мен ашуды оңайлату үшін оны қалтадан басты экран бетіне жылжытуыңызға болады.
Қолданбаны қамтитын қалтаны табыңыз, одан кейін ашу үшін қалтаны түртіңіз.
Қолданбаны қолданбалар дірілдей бастағанша басып тұрыңыз.
Қолданбаны қалтадан басты экранға сүйреңіз.