iPad құрылғысындағы «Файлдар» қолданбасында файлдар мен қалталарды өзгерту

iPad құрылғыңызда құжаттарды, суреттерді, қалталарды және басқа файлдарды көшіруіңізге, жылжытуыңызға, бейімдеуіңізге, бөлісуіңізге және жоюыңызға болады.

«Жүктеп алынғандар», «Хаттар», «Отбасы» және т.с.с. деп аталатын көптеген қалталар мен орындарды көрсетіп тұрған «Файлдар» қолданбасы. Экранның төменгі жағында «Соңғы файлдар», «Ортақ файлдар» және «Шолу» қойындысының түймелері бар.

Құжаттарды өзгерту және қайта реттеу

Қолдау көрсетілген құжат пішімінде файлды қарау кезінде құжаттың мазмұнын өзгертуіңізге және қайта реттеуіңізге болады.

  1. iPad құрылғыңызда «Файлдар» қолданбасына өтіңіз.

  2. Қажетті құжатты ашыңыз, оның тақырыбын түртіңіз, одан кейін келесілердің кез келгенін таңдаңыз:

    • Фотоларға сақтау: Құжатты Фотолар жинағына сақтаңыз.

    • Көшірме жасау: Құжаттың көшірмесін жасаңыз.

    • Жылжыту: Құжатты басқа орынға жылжытыңыз.

    • Атын өзгерту: Құжаттың атауын өзгертіңіз.

    • Экспорттау: Файлдың көшірмесін басқа файл пішімінде сақтаңыз.

    • Басып шығару: Құжатты басып шығару

Құжатты белгілеу үшін Белгілеу құралдар тақтасы түймесін түртіңіз.

Құжатты қайта реттеу үшін бөлектелген бетті басып тұрыңыз және оны жаңа орынға сүйреңіз.

Ескертпе: Барлық құжат пішімдерін «Файлдар» қолданбасы қолдай бермейді.

Қалталарың көрінісін бейімдеу

Қалталарды табуды жеңілдету үшін оларға түстер мен белгішелерді қосуыңызға болады.

  1. iPad құрылғыңызда «Файлдар» қолданбасына өтіңіз.

  2. Бейімдегіңіз келетін қалтаны басып тұрыңыз, одан кейін «Қалта мен тегтерді бейімдеу» реттеуін таңдаңыз.

  3. «Тегтер» түймесін түртіңіз, түсті таңдаңыз, одан кейін Артқа түймесін түртіңіз.

  4. Қалтаға эмодзи қосу үшін белгішені таңдаңыз немесе «Эмодзи» түймесін түртіңіз.

Қалтадан белгішені жою үшін белгішелердің астындағы «Жою» түймесін түртіңіз.

Белгіше, тізім немесе баған көрінісін өзгерту

iPad құрылғысындағы ашық орында немесе қалтада файлдардың көрінісін өзгертуіңізге болады.

iCloud Drive сервисінде файлдар мен қалталарды көрсетіп тұрған «Файлдар» қолданбасы. Экранның жоғарғы жағында элементтерді таңдау, жаңа қалта жасау, көріністі өзгерту («Тізім», «Белгішелер», «Бағандар») түймелері және «Іздеу» түймесі бар.
  1. iPad құрылғыңызда «Файлдар» қолданбасына өтіңіз.

  2. Экранның жоғарғы жағындағы орынды түртіңіз—«Соңғылар», «Ортақ» немесе «Шолу»— немесе Бүйірлік тақта түймесін түртіңіз, бүйірлік тақтада орынды түртіңіз.

  3. Тізім түймесін, Белгішелер түймесін немесе Баған көрінісі түймесін түртіңіз, одан кейін файлдарды қарау жолын таңдаңыз.

    Тізім көрінісінде файл иерархиясын тереңірек қарау үшін оны кеңейту үшін қалтаның жанындағы Алға түймесін түртіңіз.

    Қалта иерархиясына «Баған» көрінісінде терең қарау үшін оң жақ шеткі бағандағы элементті түртіңіз. Файлдың алдын ала қарау көрінісін оның метадеректерімен (оның түрі, өлшемі және жасалу күні сияқты) көру үшін файлды «Баған» көрінісінде түртіңіз. (Алдын ала қарау көрінісі оң жақ шеткі бағанда пайда болмаса, солға сырғытыңыз.) Файлды қарау және «Файлдар» қолданбасынан шықпастан онда түрлі әрекеттер орындау үшін файлдың алдын ала қарау көрінісінің астындағы «Ашу» түймесін түртіңіз.

Оңай қол жеткізу үшін қалтаны Dock тақтасына жылжыту

Қалтаны оңай табылатын және ашылатын ету үшін жиі қолданатын қалтаңызды Dock тақтасына жылжытуыңызға болады.

  1. iPad құрылғыңызда «Файлдар» қолданбасына өтіңіз.

  2. Жылжытқыңыз келетін қалтаны мәзір ашылғанша басып тұрыңыз.

  3. Мәзірден «Келесіге қосу» пәрменін таңдаңыз, одан кейін Dock тақтасын түртіңіз.

Қалтаны кеңейтіп, оның шіндегі файлдарды көру үшін Dock тақтасында қалтаны түртуіңізге болады. Қолданбадағы қалтадан файлды ашу үшін файлды Dock тақтасындағы қолданбаға сүйреңіз немесе қолданба ашық тұрса, тікелей қолданба терезесіне сүйреңіз. Мысалы, «Хабарлар» қолданбасы ашық болса, файлды қалтадан тікелей ашқан сұхбатыңызға сүйреуіңізге болады.

Бүйірлік тақтаны қайта реттеу

  1. iPad құрылғыңызда «Файлдар» қолданбасына өтіңіз.

  2. Бүйірлік тақтаны көрсету үшін Бүйірлік тақта түймесін түртіңіз.

  3. «Шолу» бүйірлік жолағының жоғарғы жағында Толығырақ түймесін түртіңіз, «Бүйірлік тақтаны өңдеу» түймесін түртіңіз, одан кейін келесі әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:

    • Орынды жасыру: Орынды өшіріңіз.

    • Тегті жою және оны барлық элементтерден алып тастау: Тегтің жанындағы Жою түймесін түртіңіз. (Файлды немесе қалтаны тегтеу бөлімін қараңыз.)

    • Элементті «Таңдаулылар» тізімінен жою: Элементтің жанындағы Жою түймесін түртіңіз. (Қалтаны таңдаулы ретінде белгілеу бөлімін қараңыз.)

    • Элементтің ретін өзгертіңіз: Ретін өзгерту түймесін басып тұрыңыз, одан кейін оны жаңа орынға сүйреңіз.

Файлды немесе қалтаны жою

  1. iPad құрылғыңызда «Файлдар» қолданбасына өтіңіз.

  2. Жойғыңыз келетін файлды немесе қалтаны табыңыз.

  3. Элементті басып тұрыңыз, одан кейін «Жою» түймесін түртіңіз.