AutoMix
AutoMix функциясы Диджей сияқты әндер арасында жатық ауысады. AutoMix функциясы iPhone, iPad, Apple кремнийі бар Mac компьютеріндегі Apple Music каталогінен және iOS 26, iPadOS 26, macOS Tahoe, visionOS 26 немесе одан кейінгі жүйесі бар Apple Vision Pro құрылғысынан музыкамен жұмыс істейді.
AutoMix музыкаға байланысты ең үздік ауысуды автоматты түрде таңдайды. Мысалы, AutoMix жолдың басы мен соңындағы үнсіздікті жоюы мүмкін немесе қажет болған жағдайда күрделі өтуді емес, қарапайым тоғыспалы ауысуды орындауы мүмкін.
Ескертпе: Альбомдар мен кейбір жанрлар ауысусыз ойнатылады.
AutoMix функциясы әдепкіде қосулы болады. Оны кезекте немесе «Реттеулер» терезесінде өшіруіңізге болады.