iPad құрылғысымен өзара әрекеттесу үшін негізгі қимылдарды үйрену

iPad құрылғысы мен оның қолданбаларын бірнеше қарапайым қимылдарды пайдаланып басқарыңыз—түрту, басып тұру, сырғыту, айналдыру және ұлғайту.

Таңба

Қимыл

Түрту қимылын білдіретін белгіше.

Түрту. Бір саусақпен экрандағы элементті қысқаша түртіңіз. Мысалы, қолданбаны ашу үшін басты экрандағы оның белгішесін түртіңіз.

Басып тұру қимылын білдіретін белгіше.

Басып тұру. Экрандағы элементті бірнәрсе болғанша басыңыз. Мысалы, басты экранның тұсқағазын басып тұрсаңыз, қолданба белгішелері дірілдей бастайды.

Сырғыту қимылын білдіретін белгіше.

Сырғыту. Бір саусақты экранда жылдам жылжытыңыз. Мысалы, көбірек қолданбаларды көру үшін басты экранда солға сырғытыңыз.

Айналдыру қимылын білдіретін белгіше.

Айналдыру. Бір саусақты экранда көлденеңінен көтерместен жылжытыңыз. Мысалы, «Фотолар» қолданбасында көбірек көру үшін тізімді жоғары немесе төмен сүреңіз. Жылдам айналдыру үшін сырғытыңыз; айналдыруды тоқтату үшін экранды түртіңіз.

Ұлғайту қимылын білдіретін белгіше.

Ұлғайту. Экранда екі саусағыңызды бір-біріне жақын қойыңыз. Үлкейту үшін оларды ашыңыз, ал кішірейту үшін оларды бір-біріне қарай жылжытыңыз.

Сондай-ақ, үлкейту үшін фотоны немесе веб-бетті екі рет түртіңіз, ал кішірейту үшін қайтадан екі рет түртіңіз.

«Карталар» қолданбасында екі рет түртіп, ұстап тұрыңыз, одан кейін үлкейту үшін жоғары сүйреңіз, ал кішірейту үшін төмен сүйреңіз.

Magic Trackpad трекпадын немесе Magic Mouse тінтуірін пайдаланып отырсаңыз, трекпадыңызда немесе тінтуіріңізде жұмыс істейтін қимылдарды iPad үшін трекпад қимылдары немесе iPad құрылғысына арналған тінтуір әрекеттері мен қимылдары бөлімінен қараңыз.