iPad құрылғыңыз бен басқа Apple құрылғылары арасында көшіріп алу және қою
«Әмбебап аралық сақтағыш» атты функцияны контентті Apple құрылғыларыңыздың бірінен көшіріп алып, екіншісіне қою үшін пайдалануыңызға болады. Мысалы, iPad құрылғыңыздан мәтінді көшіріп алып, оны iPhone құрылғыңыздағы бір жазбаға қоюыңызға немесе iPad құрылғыңыздағы Safari веб-бетінен бір кескінді көшіріп алып, оны Mac компьютеріңіздегі электрондық хатқа қоюыңызға болады.
«Әмбебап аралық сақтағыш» функциясын iPhone, iPad және Mac құрылғыларымен пайдалануыңызға болады.
Бастамастан бұрын
Мыналарды қамтамасыз етіңіз:
Екі құрылғыда да Wi-Fi, Bluetooth® және Handoff қосулы болуы керек.
Екі құрылғыда да бірдей Apple аккаунтына кіруіңіз керек.
Екі құрылғы да «Әмбебап аралық сақтағыш» функциясына қойылатын ең төменгі жүйе талаптарына сай болуы керек.
VPN қолданып жатсаңыз, оның конфигурациясы жергілікті желіге кедергі келтірмейтінін тексеріңіз, себебі бұл кейбір «Үздіксіздік» мүмкіндіктеріне кедергі келтіруі мүмкін.
iPad құрылғыңыз бен басқа құрылғылар арасында көшіріп алу және қою
«Әмбебап аралық сақтағыш» сіз көретін функция емес. Оның жұмысы iPad құрылғыңыздағы көшіріп алу және қою сияқты. «Әмбебап аралық сақтағыш» функциясының айырмашылығы – қою әрекетін iPhone немесе Mac сияқты басқа Apple құрылғыларыңызда да орындауыңызға болады.
iPad құрылғыңыздағы мәтінді немесе кескінді таңдаңыз, содан кейін «Көшіру» опциясын түртіңіз.
Екінші құрылғыңызда мәтін немесе кескін қойылатын жерді түртіңіз (басқа iPad немесе iPhone құрылғысында) немесе басыңыз (Mac компьютерінде), одан кейін «Қою» опциясын түртіңіз немесе басыңыз. Сондай-ақ пернелер тіркесімдерін қолдануыңызға болады.
iPhone, iPad немесе Mac құрылғыңызда көшіріп алу немесе қою тәсілдері туралы қосымша ақпаратты iPhone немесе iPad құрылғысында көшіріп алу және қою тәсілдері немесе Mac компьютерінде көшіріп алу және қою тәсілдері бөлімінен қараңыз.
Ескертпе: Контентті көшіріп алғанда, ол Аралық сақтағышта бір сәтте қолжетімді болады.
iPhone немесе iPad құрылғысында көшіріп алу және қою тәсілдері
Мәтінді таңдау және көшіріп алу: Бір сөзді таңдау үшін бір саусақпен екі рет түртіңіз немесе бір абзацты таңдау үшін саусақпен үш рет түртіңіз. (Сондай-ақ таңдауыңызды реттеу үшін шектегіштерді жылжытуыңызға болады.) Содан кейін «Көшіру» опциясын түртіңіз.
Кескінді таңдау және көшіріп алу: Кескінді таңдау үшін оны басып тұрыңыз, содан кейін «Көшіру» түймесін түртіңіз.
Мәтінді немесе кескінді қою: мәтін немесе кескін қойылатын жерді түртіңіз, содан кейін «Қою» опциясын түртіңіз.
Көшіріп алуға және қоюға мүмкіндік беретін қосымша қимылдарды iPhone құрылғысында мәтінді таңдау, қиып алу, көшіру және қою және iPad құрылғысында мәтінді таңдау, қиып алу, көшіру және қою бөлімдерінен қараңыз.
Mac компьютерінде көшіріп алу және қою тәсілдері
Мәтінді немесе кескінді таңдау: көшіріп алынатын мәтінді немесе кескінді меңзермен таңдаңыз.
Мәтінді немесе кескінді көшіріп алу: Command-C пернелерін басыңыз немесе мәзір жолағынан «Өңдеу» > «Көшіру» тармағын таңдаңыз.
Мәтінді немесе кескінді қою: меңзерді мәтін немесе кескін қойылатын жерге апарыңыз және басыңыз, содан кейін Command-V пернелерін басыңыз немесе мәзір жолағынан «Edit» > «Paste» тармағын таңдаңыз.
Көшіріп алуға және қоюға мүмкіндік беретін қосымша қимылдарды iPhone құрылғысында мәтінді таңдау, қиып алу, көшіру және қою және iPad құрылғысында мәтінді таңдау, қиып алу, көшіру және қою бөлімдерінен қараңыз.
Әмбебап аралық сақтағыш істемей тұрса
Екі құрылғыда да бірдей Apple аккаунтына кіруіңіз керек.
iPhone және Mac құрылғыларыңызда Wi-Fi, Bluetooth және Handoff қосулы болуы керек.
Құрылғыларыңыз бір-бірінен 30 фут (10 метр) қашықтықта болуы керек.
Егер «Әмбебап аралық сақтағыш» функциясын іске қосу қиын болып жатса, құрылғыларды өшіріп, қайтадан қосыңыз да, әрекетті қайталаңыз.
«Әмбебап аралық сақтағыш» функциясы құрылғылар арасында аз мөлшердегі таңдалған мәтінді немесе көшіріп алынған кескіндерді бөліскенде барынша жақсы жұмыс істейді. iPad және Mac құрылғыларыңыздың арасында бірнеше файл бөліскіңіз келсе, Файлдарды iPad құрылғысынан сақтау құрылғысына, серверге немесе бұлтқа тасымалдау бөлімін қараңыз.