iPad құрылғысында скриншот түсіру
iPad экранындағы нәрсені түсіруге, экранның шетінен тыс толық бетті түсіруге немесе белгілі бір бөлікті сақтауға болады.
Скриншот түсіру
Жоғарғы түйме мен дыбыс деңгейі түймесінің біреуін бір уақытта жылдам басып, босатыңыз.
Жазба: Егер iPad құрылғыңызда «Басты бет» түймесі болса, оны және бүйірлік түймені бір уақытта жылдам басып, босатыңыз.
Экранның төменгі сол жағындағы скриншоттың нобайын түртіңіз, содан кейін келесі әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:
iPad экранынан тыс контентті түсіру: «Толық бет» түймесін түртіңіз. Скриншоттың көбірек бөлігін көру үшін саусағыңызды немесе Apple Pencil қаламын оң жақтағы алдын ала қарау кескінінде сүйреңіз. Мысалы, Safari браузерінде бүкіл веб-бетті түсіруге болады.
Кесу: Тұтқаларды сүйреңіз. Толық беттің скриншотының кішірек бөлігін сақтау үшін
түймесін түртіңіз, содан кейін тұтқаларды сүйреңіз.
Таңба қосу:
түймесін түртіңіз, одан кейін Белгілеу құралдарын пайдаланыңыз.
Болдырмау немесе жою:
түймесін түртіңіз.
Сақтау үшін
түймесін түртіңіз.
Скриншот түсіру үшін аппараттық түймелерді пайдаланудың орнына, Siri немесе AssistiveTouch функциясын пайдалануға болады. Не болмаса, Apple Pencil қаламын пайдалансаңыз, экранның төменгі сол жағынан немесе төменгі оң жағынан диагоналінен жоғары сипаңыз.
Скриншоттарыңызды қарап шығу
Скриншоттар автоматты түрде фотолар жинағына сақталады.
iPad құрылғыңызда «Фотолар» қолданбасына
өтіңіз.
«Жинақтар» түймесін түртіп, «Медиа түрлері» тақырыбына дейін төмен айналдырыңыз, содан кейін «Скриншоттар» түймесін түртіңіз.
Скриншоттардың әдепкі параметрлерін өзгерту
Экранды түсіру параметрлерін скриншоттар толық экранда немесе төменгі сол жақ бұрышта уақытша нобайлар ретінде көрсетілетін етіп реттеуіңізге болады. Сондай-ақ скриншоттарды SDR немесе HDR пішімінде сақтауыңызға болады. Экранды түсіру реттеулерін өзгерту бөлімін қараңыз.