FCC сәйкестік туралы мәлімдемесі
Бұл құрылғы FCC ережелерінің 15-бөліміне сәйкес келеді. Жұмыс келесі екі жағдайға байланысты болады: (1) бұл құрылғы зиянды кедергіні тудырмайды және (2) бұл құрылғы қажетсіз әрекетке себеп болуы мүмкін кедергіні қоса, кез келген қабылданған кедергіні қабылдауы тиіс.
Ескертпе: Бұл жабдық тексерілген және оның FCC ережелерінің 15-бөліміне сай В сыныпты сандық құрылғы үшін шектеулерге сай екендігі анықталған. Бұл шектеулер стационарлық орнатуда зиянды кедергіге қарсы жеткілікті қорғанысты қамтамасыз етуге арналған.
Бұл жабдық радио жиілік энергиясын шығарады, пайдаланады және бөлуі мүмкін және нұсқауларға сай орнатылмаған және пайдаланылмаған жағдайда радио байланыстарға зиянды кедергі тудыруы мүмкін. Дегенмен, нақты орнатуда кедергінің орын алмайтынына кепілдік жоқ.
Егер бұл жабдық радио немесе теледидар қабылдауына жабдықты өшіру және қосу арқылы анықтауға болатын зиянды кедергі тудырса, пайдаланушы келесі шаралардың бірі немесе бірнешеуі арқылы кедергіні түзетуге әрекет етуге шақырылады:
Қабылдау антеннасының бағытын немесе орнын өзгертіңіз.
Жабдық пен қабылдағыш арасындағы қашықтықты арттырыңыз.
Жабдықты қабылдағыш қосылғаннан басқа желідегі розеткаға қосыңыз.
Көмек алу үшін дилермен немесе тәжірибелі радио/теледидар маманымен кеңесіңіз.
Осы өнімге Apple рұқсатынсыз жасалған өзгертулер электромагниттік сәйкестікті (EMC) және сымсыз сәйкессіздікті бұзуы және өнімді пайдалану рұқсатыңызды жоққа шығаруы мүмкін.
Бұл өнім жүйе компоненттері арасында сәйкес сыртқы құрылғылар мен қорғалған кабельдер қолданысын қамтитын жағдайлар астында EMC сәйкестігін көрсеткен. Радиоларға, теледидарларға және басқа электрондық құрылғыларға кедергіні тудыру ықтималдығын азайту үшін жүйе компоненттері арасында сәйкес қосымша құрылғылар мен қорғалған кабельдерді пайдалануыңыз маңызды болып табылады.
Радио жиілік энергиясына қалдыру. Осы құрылғының шығарған шығыс қуаты FCC/IC радио жиілік әсерінің шектеріне сәйкес келеді. Бұл құрылғы құрал мен адам денесінің арасында ең азы 20 см (8 дюйм) бөлу қашықтығында пайдаланылуы тиіс.
Бұл құрылғыны мұнай платформаларында және ұшақтарда пайдалануға тыйым салынады, тек 5,925-6,425 ГГц жиілікте бұл құрылғыны 10 000 футтан жоғары ұшқан кезде үлкен ұшақтарда пайдалануға рұқсат етілген.
Сыртқы тұрақты инфрақұрылымға орнатуға тыйым салынады.
Таратқыштарды 5,925-7,125 ГГц жолағында ұшқышсыз әуе кемелерінің жүйелерін басқару немесе олармен байланыс үшін қолдануға тыйыым салынады.
Жауапты тарап (тек FCC мәселелері үшін хабарласыңыз):
Apple Inc.
One Apple Park Way, MS 911-AHW
Cupertino, CA 95014
USA