Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады
Сымсыз жұмыс істеу
Bluetooth® технологиясын пайдаланып iMac Pro компьютеріңіз берілген Magic Mouse 2 және Numeric Keypad тақтасы бар Magic Keyboard сияқты құрылғыларға және Magic Trackpad 2, AirPods, сыртқы құрылғылар, тағылатын спорттық қосалқы құралдар және басқалар сияқты қосымша құрылғыларға сымсыз қосыла алады. iMac Pro компьютеріңізді әлі жұпталмаған құрылғымен қосу үшін Apple мәзірі > System Preferences тармағын таңдаңыз, одан кейін Bluetooth түймесін басыңыз.
Ескертпе: Numeric Keypad тақтасы бар Magic Keyboard құрылғыңыз берілген USB - Lightning кабелін пайдаланып қосылған кезде сымды пернетақта сияқты әрекет етеді. Bluetooth пайдаланылмайды және барлық байланыс кабель арқылы.
Келесі Қосылған нәрселер бөлімін қараңыз.