iPhone құрылғысында Қосымша қол жеткізу мүмкіндігімен қоңыраулар шалу
iPhone құрылғысында Қосымша қол жеткізу мүмкіндігімен «Телефон» және FaceTime қолданбалары бір «Қоңыраулар» қолданбасына біріктіріледі. Қосымша қол жеткізу мүмкіндігін пайдаланып отырған адам «Қоңыраулар» қолданбасын жанұямен, достармен және сенімді қолдаушылармен байланысу мақсатында дауыстық немесе FaceTime бейне қоңырауларын шалу үшін пайдалана алады. «Қоңыраулар» қолданбасы басты экранда болмаса, Қосымша қол жеткізу үшін қолданбалар қосу, жою және теңшеу бөлімін қараңыз.
Қоңырау шалу
Белсенді болмаса, Қосымша қол жеткізу режиміне кіріңіз, одан кейін «Қоңыраулар» қолданбасын ашыңыз.
Контактіні түртіңіз, одан кейін «Қоңырау шалу» түймесін түртіңіз.
Контактілерді көрмесеңіз, контактілердің Қосымша қол жеткізу режимін пайдаланып отырған адамның қоңырау шалуға рұқсаты бар адамдар тізіміне қосылғанын тексеріңіз. Қосымша қол жеткізу мүмкіндігі үшін «Қоңыраулар» қолданбасын баптау бөлімін қараңыз.
Не болмаса, «Телефон нөмірі» өрісін түртіңіз, телефон нөмірін енгізіңіз, одан кейін «Қоңырау шалу» түймесін түртіңіз (бұл опция «Қоңыраулар» қолданбасын баптаған кезде «Теру пернетақтасын көрсету» параметрін қосқан болсаңыз қолжетімді болады).
Тұтқаны қою үшін «Қоңырауды аяқтау» түймесін түртіңіз, одан кейін растау үшін «Қоңырауды аяқтау» түймесін қайтадан түртіңіз.
Қоңырауға жауап беру
Қосымша қол жеткізу режимінде кіріс қоңырауына жауап беру үшін «Жауап беру» түймесін түртіңіз. Қоңырауға жауап бергіңіз келмесе, «Жауап бермеу» түймесін түртіңіз, одан кейін растау үшін «Жауап бермеу» түймесін қайтадан түртіңіз.
«Хабарландыру жапсырмаларын көрсету» параметрін «Реттеулер» > «Әмбебап қол жеткізу» > «Қосымша қол жеткізу» тармағында қоссаңыз, Қосымша қол жеткізу режимін қолданып отырған адам қайта қоңырау шалуға рұқсат етілген контактіден қоңырауды жіберіп алған кезде, «Құлыптау экраны» мен «Қоңыраулар» қолданбасы хабарландыру белгішесін көрсетеді. Қосымша қол жеткізу параметрлерін өзгерту бөлімін қараңыз.
Төтенше жағдай қоңырауын шалу
iPhone құлыптаулы болса да, Қосымша қол жеткізу режимі белсенді кезде төтенше жағдай қоңырауын шала аласыз.
Маңызды: Төтенше жағдай қоңырауларын шалу үшін ұялы байланыс қызметі қолжетімді болуы керек. iPhone құрылғысында төтенше жағдай сервистеріне хабарласудың белгілі бір маңызды аспектілері Қосымша қол жеткізу режимінде басқаша. Қосымша қол жеткізу режиміндегі белгілі бір айырмашылықтарды түсіну бөлімін қараңыз.
Бүйірлік түймені (Face ID функциясы бар iPhone құрылғысында) немесе «Басты бет» түймесін үш рет басыңыз (басқа iPhone үлгілерінде), одан кейін «Төтенше жағдай» түймесін түртіңіз.
Төтенше жағдай нөмірін (мысалы, АҚШ-та 911) теріңіз, одан кейін түймесін түртіңіз.
Қосымша қол жеткізу режиміндегі кез келген экранда Қосымша қол жеткізу режимін пайдаланып отырған адам алдыңғы экранға оралу үшін «Артқа» түймесін әрқашан түрте алады.