iOS 17
iPhone құрылғысында «Қосымша қол жеткізу» режимін бастапқы күйге қайтару
iPhone құрылғысында Қосымша қол жеткізу режимін баптасаңыз, бірақ басынан қайта бастағыңыз келсе, оны бастапқы күйге қайтаруыңызға және қайтадан бастауыңызға болады.
Ескертпе: Қосымша қол жеткізу режимін бастапқы күйге қайтарған кезде, хабарлар, музыка және фотолар сияқты қолданбадағы контент жойылмайды және әлі де iPhone құрылғысында қолжетімді болады. «Қосымша қол жеткізу» режимін бастапқы күйге қайтару опциясы iOS 17.4 немесе одан кейінгі жүйеде қолжетімді.
«Қосымша қол жеткізу» режимін бастапқы күйге қайтару
Белсенді болса, Қосымша қол жеткізу режимінен шығыңыз.
«Реттеулер» > «Әмбебап қол жеткізу» > «Қосымша қол жеткізу» тармағына өтіңіз.
«”Қосымша қол жеткізу” режимін бастапқы күйге қайтару» түймесін түртіңіз, одан кейін «Бастапқы күйге қайтару» түймесін түртіңіз.