iPad құрылғысын Қарапайым режиммен лупа сияқты пайдалану
iPad құрылғысында Қарапайым режимді пайдаланып отырған адам «Лупа» қолданбасын мәтін мен айналасындағы заттарды үлкейтіп көру үшін пайдалана алады.
«Лупа» қолданбасы басты экранда болмаса, оны қосуыңызға болады. Қарапайым режим үшін «Лупа» қолданбасын баптау бөлімін қараңыз.

iPad құрылғысын лупа сияқты пайдалану
Белсенді болмаса, Қарапайым режимге кіріңіз, одан кейін «Лупа» қолданбасына
өтіңіз.
iPad камерасын маңайдағы бір затқа немесе мәтінге қаратыңыз.
«Ұлғайту» немесе «Кішірейту» түймесін түртіңіз.
Қарапайым режимдегі кез келген экранда Қарапайым режимді пайдаланып отырған адам алдыңғы экранға оралу үшін «Артқа» түймесін әрқашан түрте алады.