Thunderbolt 4 (USB-C) порттары

Thunderbolt 4 (USB-C) порттарын компьютеріңізді зарядтау, Thunderbolt 4 немесе USB 4 жылдамдығымен (40 Гбит/с дейін) деректерді тасымалдау және құрылғылар мен керек-жарақтарды — мысалы, iPhone, iPad немесе қайта зарядталатын трекпад немесе пернетақта — зарядтау үшін пайдаланыңыз. Сондай-ақ бұл портты сыртқы дисплейге немесе проекторға қосылу үшін пайдалануыңызға болады.

Осы портқа қосылмайтын құрылғыңыз бар болса, оны қосу үшін адаптерді пайдалануыңызға болады. Mac компьютеріңіздегі Thunderbolt немесе USB-C портына арналған адаптерлер атты Apple Қолдау көрсету қызметінің мақаласын қараңыз.