Apple аккаунтыма кіре алмасам не істеуім керек?
Apple аккаунтыңыздың электрондық пошта мекенжайын, телефон нөмірін немесе құпиясөзін есіңізге түсіре алмасаңыз, оны iPhone немесе басқа Mac құрылғысы сияқты, жүйеге кірген басқа Apple құрылғысын пайдаланып қалпына келтіруге болады. Егер сізде басқа Apple құрылғысы болмаса немесе осы құрылғыларға қол жеткізе алмасаңыз, қосымша опциялар үшін Apple қолдау қызметіне хабарласып көруіңізге болады.
Егер Mac компьютеріңізді баптау кезінде Apple аккаунтыңызға кіру кезінде қиындықтар туындаса, бұл қадамды өткізіп жіберуге және кейінірек кіруге әрекет жасауға болады. Дегенмен, егер сізде Apple аккаунты бар болса, жаңасын жасау ұсынылмайды.
Қосымша көмек қажет болса, Apple аккаунтының құпиясөзін ұмытып қалсаңыз атты Apple қолдау көрсету мақаласын қараңыз.