Thunderbolt 5 порттары

Thunderbolt немесе USB-C кабелін пернетақта, тінтуір және сыртқы сақтау құрылғысы сияқты керек-жарақтарды қосу және зарядтау үшін пайдаланыңыз. Сондай-ақ Thunderbolt кабелін пайдаланып, дисплейді осы порттарға қосуға болады.

Осы портқа қосылмайтын құрылғыңыз бар болса, оны қосу үшін адаптерді пайдалануыңызға болады. Mac компьютеріңіздегі Thunderbolt немесе USB-C портына арналған адаптерлер атты Apple Қолдау көрсету қызметінің мақаласын қараңыз.