Сымсыз жұмыс істеу
Bluetooth® технологиясын пайдаланып Mac Pro компьютеріңіз берілген Numeric Keypad тақтасы бар Magic Keyboard сияқты құрылғыларға және Magic Mouse 2 және Magic Trackpad 2, AirPods, сыртқы құрылғылар, тағылатын спорттық қосалқы құралдар және басқалар сияқты қосымша құрылғыларға сымсыз қосыла алады. Mac Pro компьютеріңізді әлі жұпталмаған құрылғымен қосу үшін Apple мәзірі > System Preferences тармағын таңдаңыз, одан кейін Bluetooth түймесін басыңыз.
Ескертпе: Numeric Keypad тақтасы бар Magic Keyboard пернетақтаңыз бен қосымша Magic Trackpad 2 тақтаңыз берілген Lightning to USB-C кабелін пайдаланып қосылған кезде сымды пернетақта және меңзеу құрылғысы сияқты әрекет етеді. Bluetooth пайдаланылмайды және барлық байланыс кабель арқылы.
Келесі Қосылған нәрселер бөлімін қараңыз.