екі факторлы түпнұсқалықты растау
Екі факторлы түпнұсқалықты растау тіркелгіңізге тек сіздің қатынай алуыңызды (басқа біреу құпия сөзіңізді білсе де) қамтамасыз ету үшін жасақталған Apple ID идентификаторыңызға арналған қауіпсіздіктің қосымша қабаты болып табылады. Тіркелгіңізге Mac, iPhone, iPad немесе Apple Watch сияқты тек сенетін құрылғыларыңызда қатынай аласыз. Жаңа құрылғыға бірінші рет кірген кезіңізде, сізге ақпараттың екі данасын беру керек болады—құпия сөзіңіз және сенімді құрылғыларыңызда автоматты түрде көрсетілетін алты сандық растау коды. Кодты енгізу арқылы жаңа құрылғыға сенетініңізді растаудасыз.
Екі факторлы түпнұсқалықты растау мүмкіндігін жаңа Mac компьютерін орнату кезінде қосуыңызға немесе оны кейінірек System Settings терезесіндегі Password & Security settings тармағында қосуыңызға болады. Мұны орындау үшін қадамдарды macOS жүйесінің пайдаланушы нұсқаулығындағы Mac компьютеріңіздегі, iOS құрылғыларыңыздағы және iPadOS құрылғыларыңыздағы қауіпсіздік үшін екі факторлы түпнұсқалықты растау мүмкіндігін пайдалану бөлімінен қараңыз.
Екі факторлы түпнұсқалықты растау туралы толық мәліметтерді Apple ID үшін екі факторлы түпнұсқалықты растау бөлімінен қараңыз.