USB-C порттары
USB-C порттары арқылы пернетақта, тінтуір және сыртқы сақтау құрылғысы сияқты барлық таңдаулы керек-жарақтарды қосу және зарядтау үшін USB-C кабелін пайдалануыңызға болады.
Осы портқа қосылмайтын құрылғыңыз бар болса, оны қосу үшін адаптерді пайдалануыңызға болады. Mac компьютеріңіздегі Thunderbolt немесе USB-C портына арналған адаптерлер атты Apple Қолдау көрсету қызметінің мақаласын қараңыз.