Apple ID

Apple ID идентификаторыңыз — App Store, Apple Music, iCloud, FaceTime, iTunes Store және т.б. сияқты Apple Services қызметтеріне қатынау үшін пайдаланатын тіркелгіңіз.

  • Apple ID электрондық пошта мекенжайы мен құпия сөзден тұрады. Кейбір орындарда электрондық пошта мекенжайыңыздың орнына телефон нөмірді пайдалануыңызға болады. Ұялы телефоныңыздың нөмірін Apple ID идентификаторыңыз ретінде пайдалану атты Apple Support мақаласын қараңыз.

  • Кез келген Apple қызметін кез келген құрылғыда пайдалану үшін бірдей Apple ID идентификаторымен кіріңіз. Сауда жасағанда немесе элементтерді жүктеп алғанда бірдей элементтер басқа құрылғыларыңызда қолжетімді болады. Сатып алуларыңыз Apple ID идентификаторыңызбен байланыстырылған және оны басқа Apple ID идентификаторына тасымалдау мүмкін емес.

  • Жеке Apple ID идентификаторыңыз болғаны және оны бөліспегеніңіз дұрыс. Жанұя тобының бөлігі болсаңыз, жанұя мүшелерінің арасында Apple ID идентификаторыңызды бөліспестен сатып алуларыңызды бөлісу үшін Family Sharing мүмкіндігін пайдалануыңызға болады.

Apple ID туралы қосымша мәліметтер алу үшін Apple ID қолдау бетін қараңыз. Біреуін жасау үшін Apple ID тіркелгісінің веб-торабына өтіңіз.