Mac компьютеріңізге арналған маңызды ұстау ақпараты
Пайдалану ортасы. Mac mini компьютеріңізді келесі ауқымдардан тыс пайдалану жұмысына әсер етуі мүмкін:
Жұмыс температурасы: 50° - 95° F (10° - 35° C)
Сақтау температурасы: -40° - 116° F (-40° - 47° C)
Қатысты ылғалдылық: 5% - 90% (конденсациясыз)
Пайдалану биіктігі: 16 404 футқа дейін (0 - 5000 метр) тексерілген
Mac mini компьютеріңізді ауа шаңының немесе сигарет, сигар түтінінің көп мөлшері немесе күлдіктер, пештер немесе ошақтар бар жерде, не болмаса, сүзілмеген ағын суды пайдаланатын ультра дыбыстық ылғалдағышқа жақын пайдаланбаңыз. Түтіннен, тамақ пісіруден, өртеуден немесе ультрадыбыстық ылғалдағышты сүзгіленбеген сумен пайдаланудан туындаған майда ауа-тамшы бөлшектері кей жағдайларда Mac mini компьютеріңіздің желдету саңылауларына кіруі мүмкін.
Mac mini компьютеріңізді алып жүру. Mac mini компьютерін көтеру немесе орнын ауыстыру алдында оны өшіріп, барлық кабельдер мен сымдарды ажыратыңыз. Mac mini компьютеріңізді көтеру үшін бүйірлерінен ұстаңыз.
Қосқыштарды және порттарды пайдалану. Қосқышты портқа ешқашан күштемеңіз. Қуат сымын қуат портына қоспастан бұрын қуат портының қалдықтан толығымен таза екенін тексеріңіз. Құрылғыны портқа қосу кезінде порттың қалдықтан толығымен таза екенін, қосқыштың портқа сәйкес келетінін және қосқышты портқа дұрыс орналастырғаныңызды тексеріңіз.
Маңызды: Тек компьютеріңізбен немесе қосалқы құралыңызбен келген түпнұсқа кабельдерді немесе Apple бөлшек сауда дүкенінде немесе apple.com торабынан онлайн сатып алынған кабельдерді пайдаланыңыз
Mac mini компьютеріңізді сақтау. Mac mini компьютеріңізді ұзақ уақытқа сақтайтын болсаңыз, оны салқын жерде (дұрысы 71° F немесе 22° C) сақтаңыз.
Mac mini компьютеріңізді тазалау. Mac mini компьютеріңіздің сыртын және оның компоненттерін тазалау кезінде алдымен Mac mini компьютеріңізді өшіріңіз, одан кейін барлық сымдар мен кабельдерді ажыратыңыз. Одан кейін, Mac mini компьютерінің сыртын сүрту үшін таза, жұмсақ, түбітсіз шүберекті ылғалдаңыз. Саңылауларға ылғал кіргізбеңіз. Сұйықтықты компьютерге тікелей шашпаңыз. Алкогольді, эрозоль спрейлерді, ерітінділерді, қырғыш заттарды немесе сыртқы бетін зақымдауы мүмкін сутегі тотығын қамтитын тазартқыштарды пайдаланбаңыз.
Дисплейді тазалау. Дисплейді тазалау үшін алдымен Mac mini компьютеріңізді өшіріңіз, одан кейін барлық сымдар мен кабельдерді ажыратыңыз. Дисплеймен келген тазалау нұсқауларын орындаңыз.
Magic Mouse 2, Magic Trackpad 2, Magic Keyboard сияқты қосалқы құралдар мен дисплейлер apple.com торабында немесе жергілікті Apple Store дүкенінде бөлек сатылады.