FaceTime
FaceTime функциясы бар Mac компьютерінен бейне және дыбыс қоңырауларын шалыңыз. (Сыртқы камера мен микрофонды талап етеді. Қосалқы құралдар apple.com торабында немесе жергілікті Apple Store дүкенінде немесе басқа делдалдарда бөлек сатылады.)
Тек бейне немесе дыбыс па? FaceTime бейне қоңырауларын шалу үшін камера мен микрофонды Mac mini компьютеріңізге қосыңыз. Бейне қоңырау шалу қолайлы болмаса, тек дыбыстық қоңырау шалу үшін Audio түймесін басыңыз.
FaceTime шақыруын алғаныңызда тек бейнемен, тек дыбыспен немесе екеуімен де қосылуды таңдай аласыз.
Кеңес: Бейне қоңырау орындалып жатқанда кішкентай суреттегі сурет терезесін FaceTime терезесінің кез келген бұрышына сүйреуіңізге болады.
Хабар қалдырыңыз. FaceTime бейне қоңырауы қабылданбаса немесе оған жауап берілмесе, мәтіндік хабар жіберу үшін Message түймесін басыңыз.
Телефон қоңырауын шалыңыз. iOS 8 немесе одан кейінгі жүйесі бар iPhone құрылғыңыз болса, телефон қоңырауларын тікелей Mac компьютерінен FaceTime мүмкіндігін пайдаланып шалыңыз. Тек Mac компьютеріңіз бен iPhone құрылғыңыздың бір Apple ID тіркелгісімен кіргенін және мүмкіндіктің қосулы екенін тексеріңіз. (Mac компьютеріңізде FaceTime қолданбасын ашыңыз, FaceTime > Preferences тармағын таңдаңыз, одан кейін «Calls from iPhone» параметрін таңдаңыз.)
Ескертпе: Mac компьютеріңізде қоңыраулар шалу немесе қабылдау үшін Mac mini компьютеріңіз бен iPhone құрылғыңыз Интернетке және бірдей Wi-Fi желісіне қосылуы тиіс. Mac mini компьютеріңізде қоңыраулар шалу немесе қабылдау үшін сыртқы микрофон да қажет.
Қосымша мәліметтер. FaceTime пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.