Mac компьютеріңізде Handoff функциясын қосыңыз

  • macOS 13: Apple мәзірі  > «Жүйе реттеулері» тармағын таңдаңыз, бүйірлік тақтада «Жалпы» түймесін басыңыз, оң жақтағы «AirDrop және Handoff» түймесін басыңыз, одан кейін «Осы Mac компьютері мен iCloud құрылғылары арасында Handoff функциясына рұқсат ету» реттеуін қосыңыз.

  • macOS 12.5 немесе оған дейінгі: Apple мәзірі > «Жүйе параметрлері» тармағын таңдаңыз, «Жалпы» түймесін басыңыз, одан кейін «Осы Mac пен iCloud құрылғылары арасында Handoff мүмкіндігіне рұқсат ету» параметрін таңдаңыз.