«Экран уақыты» параметрін қосу

  1. «Реттеулер»  > «Экран уақыты» тармағына өтіңіз.

  2. «Экран уақыты функциясын қосу» түймесін, одан кейін «Жалғастыру» түймесін түртіңіз.

  3. iPhone құрылғыңызда «Экран уақыты» параметрін өзіңіз үшін орнатып жатсаңыз,«Бұл - менің iPhone құрылғым» түймесін түртіңіз.

    «Экран уақыты» функциясын балаңыз (немесе жанұя мүшеңіз) үшін орнатып жатсаңыз, «Бұл — баламның iPhone құрылғысы» түймесін түртіңіз.

  4. «Экран уақыты» функциясын барлық Apple құрылғыларыңызда пайдалану үшін жоғары сипаңыз, одан кейін «Барлық құрылғыда ортақ пайдалану» параметрін қосыңыз.