Handoff функциясын қосу
iPhone немесе iPad құрылғысында: «Реттеулер»
> «Жалпы» > «AirPlay және үздіксіздік» тармағына өтіңіз, одан кейін «Handoff» реттеуін қосыңыз.
macOS 13 немесе одан кейінгі жүйесі бар Mac компьютерінде: Apple мәзірі
> «System Settings» тармағын таңдаңыз, бүйірлік тақтада «General» түймесін басыңыз, «AirDrop Handoff» түймесін басыңыз, одан кейін «Allow Handoff between this Mac and your iCloud devices» реттеуін қосыңыз.
macOS 12.5 немесе оған дейінгі жүйесі бар Mac компьютерінде: Apple мәзірі
> «System Preferences» тармағын таңдаңыз, «General» түймесін басыңыз, одан кейін «Allow Handoff between this Mac and your iCloud devices» параметрін таңдаңыз.