Apple Intelligence функциясын қосу

Apple Intelligence функциясы өшірулі болса, оны қосуыңызға болады.

  1. «Реттеулер» > «Apple Intelligence және Siri» тармағына өтіңіз.

  2. Келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    • Apple Intelligence функциясының жанындағы түймені түртіңіз.

    • «Apple Intelligence функциясын қосу» түймесін түртіңіз.

      Көретін опцияңыз сізде бар iOS нұсқасына және бұрын Apple Intelligence функциясын баптағаныңызға негізделеді.

Ескертпе: Apple Intelligence функциясының құрылғыңыз, тіліңіз және аймағыңыз үшін қолжетімді екенін тексеру үшін Apple Intelligence функциясын алу жолы атты Apple қолдау көрсету қызметінің мақаласын қараңыз.