Mac компьютеріңіз бен iPhone құрылғыңызды қосу үшін Bluetooth функциясын пайдалану

  • macOS Ventura: «Apple мәзірі»  > «Жүйе реттеулері» тармағын таңдаңыз, одан кейін бүйірлік жолақтағы «Bluetooth» түймесін басыңыз. Оң жақта Bluetooth параметрін қосыңыз (ол әлі қосулы болмаса). Оң жақта iPhone құрылғыңызды таңдаңыз, одан кейін «Қосу» түймесін басыңыз.

  • macOS 12.5 немесе оған дейінгі: «Apple мәзірі» > «Жүйе параметрлері» тармағын таңдаңыз, одан кейін Bluetooth түймесін басыңыз. Bluetooth функциясы қосылмаған болса, «Bluetooth функциясын қосу» түймесін басыңыз. iPhone құрылғыңызды таңдаңыз, одан кейін «Қосылу» түймесін басыңыз.