iPhone 12 Pro

iPhone 12 Pro құрылғысындағы камералардың, түймелердің орнын және басқа маңызды аппараттық құрал мүмкіндіктерін біліңіз.

iPhone 12 Pro құрылғысының алдыңғы көрінісі. Алдыңғы камера жоғарғы ортасында орналасқан. Бүйірлік түйме оң жақ бүйірде. Lightning коннекторы төменде. Сол жақ бүйірде төменнен жоғарыға қарай — SIM науасы, дыбыс деңгейі түймелері және қоңырау/дыбыссыз қосқышы.

1 Алдыңғы камера

2 Бүйірлік түйме

3 Lightning коннекторы

4 SIM науасы

5 Дыбыс деңгейі түймелері

6 Қоңырау/дыбыссыз режим қосқышы

iPhone 12 Pro құрылғысының артқы көрінісі. Артқы камералар, жарқыл және LiDAR сканері жоғарғы сол жақта.

7 Артқы камералар

8 Жарқыл

9 LiDAR сканері