Қолданбаларды ауыстырып-қосқышты ашу

Келесі әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:

  • Төменгі шеттен жоғары қарай сипаңыз және экранның ортасында кідіріңіз.

  • «Басты бет» түймесін екі рет басыңыз («Басты бет» функциясы бар iPad құрылғысында).

Көбірек қолданбаларды көру үшін оңға сипаңыз. Басқа қолданбаға ауысу үшін оны түртіңіз. Қолданбаларды ауыстырып-қосқышты жабу үшін экранды түртіңіз немесе «Басты бет» түймесін басыңыз («Басты бет» функциясы бар iPad құрылғысында).