Apple ID арқылы жүйеге кіру

App Store, Apple Music, iCloud, FaceTime, Apple Books және т.б. сияқты Apple сервистеріне қол жеткізу үшін Apple ID аккаунтыңызбен кіріңіз.

Орнату кезінде кіруіңізге немесе «Реттеулер» тармағына өтуіңізге, «iPad құрылғысына кіру» түймесін түртуіңізге, одан кейін Apple ID аккаунтыңыз бен құпиясөзіңізді енгізуіңізге болады. Apple ID аккаунтыңыз жоқ болса, оны баптау барысында жасауыңызға болады.

Apple ID ақпаратыңызды, соның ішінде атыңызды, фотоңызды, контакт ақпаратыңызды, құпиясөзіңізді, қауіпсіздік реттеулерін және төлем мен жеткізу ақпаратын қарауыңызға және өзгертуіңізге болады.

Ақпаратыңыз бен мазмұныңыз Apple ID аккаунтыңызбен кірген барлық құрылғыларыңызда қолжетімді болады. Apple ID аккаунтыңызбен кіру атты Apple қолдау көрсету қызметінің мақаласын қараңыз.