iMac негіздері
Жаңа Mac компьютеріңізді қарау
iMac мүмкіндіктерінің жылдам кіріспесін алыңыз.
Жұмысты бастағыңыз келеді ме?
iMac компьютерінің артындағы қуат түймесін басыңыз, пернетақтаңыз бен тінтуіріңізді қосыңыз, Setup Assistant нұсқауларын орындаңыз, сонымен болды, жұмыс істейді.
Үндестірген күйде болыңыз
iCloud қызметімен хабарларыңызға, фотосуреттеріңізге, жазбаларыңызға және т.б барлық құрылғыларыңыздан қатынаңыз. Ал телефон қоңырауларын шалу, тапсырмаларды беру және құрылғылар арасында көшіріп, қою үшін iMac компьютеріңізді iOS және iPadOS құрылғыларыңызбен пайдаланыңыз.
Жаңа мүмкіндіктерді табыңыз
Жаңа macOS Sonoma жүйесінде және қосылған қолданбаларыңызда қандай жаңа мүмкіндіктер барын табыңыз.
Көбірек тапсырма орындаңыз
iMac компьютеріңіз орындағыңыз келетін барлық нәрселерге арналған қолданбалармен келеді. Фотосуреттеріңіз бен бейнелеріңізді өңдеп, бөлісіңіз, көрсетілімдер жасаңыз және музыка, кітаптар, фильмдер мен т.б. нәрселерді тамашалаңыз. App Store дүкенінде жаңа қолданбаларды, соның ішінде енді Apple Silicon процессоры бар Mac компьютеріңізде іске қосылатын iPhone және iPad қолданбаларын табыңыз.
iMac компьютеріңізбен берілген қолданбалар туралы мәліметтер алу
Бұл iMac негіздері нұсқаулығы ағымдағы 24 дюймдік iMac компьютеріне арналған*. iMac негіздері нұсқаулығын шолу үшін беттің жоғарғы жағындағы Table of Contents түймесін басыңыз немесе іздеу өрісіне сөзді немесе тіркесті енгізіңіз.
Көбірек көмек керек болса, iMac Support веб-торабына кіріңіз.