Siri көмекшісінен сұрау
Ескертпе: Siri көмекшісін пайдалану үшін интернетке қосылған болуы тиіс.
Siri көмекшісінен бірнәрсе істеуді сұрамастан бұрын оны белсендіруіңіз керек. Mac компьютеріңізде келесі әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:
Пернетақтаңыздағы функциялық пернелердің жолындағы
пернесін басып тұрыңыз. Егер бұл перне қолжетімді болмаса, Siri реттеулерінде көрсетілген пернелер тіркесімін пайдаланыңыз.Мәзір жолағында
түймесін немесетүймесін басыңыз. Ешқандай белгіше көрсетілмесе, оларды Menu Bar реттеулерін пайдаланып қосуыңызға болады.
Hey Siri немесе Siri деп айтыңыз (егер бұл опция қолжетімді болса және Siri реттеулерінде қосылған болса). «Hey Siri» немесе «Siri» опциясының құрылғыңыз бен тіліңіз үшін қолжетімді екенін тексеру үшін Siri көмекшісін барлық Apple құрылғыларыңызда пайдалану атты Apple қолдау көрсету бөлімінің мақаласын қараңыз.