Mac компьютеріңіздегі Instant Hotspot функциясы
Wi-Fi қосылымын жоғалттыңыз ба? Instant Hotspot функциясымен iPhone немесе iPad құрылғыңыздағы Personal Hotspot функциясын iMac компьютеріңізді Интернетке тез қосу үшін пайдалануыңызға болады—құпия сөз керек емес.
Ескертпе: Personal Hotspot мүмкіндігі iOS 8 (немесе одан кейінгі) немесе iPadOS жүйесі бар iPhone құрылғысын немесе ұялы үлгілі iPad құрылғысын талап етеді. iPhone немесе iPad құрылғыңызда Personal Hotspot мүмкіндігін орнату жолы атты Apple Support мақаласын қараңыз.
Құрылғыңыздың Personal Hotspot мүмкіндігіне қосылыңыз. Мәзір жолағында Wi-Fi status белгішесін басыңыз, одан кейін пайда болатын құрылғылар тізімінен iPhone немесе iPad құрылғыңызды таңдаңыз. Wi-Fi белгішесі белгішесіне өзгереді. (Құрылғыңызда ешнәрсе орындаудың қажеті жоқ—iMac автоматты түрде қосылады.)
Кеңес: Сізден құпия сөз сұралса, құрылғыларыңыздың дұрыс орнатылғанын тексеріңіз. Instant Hotspot функциясын Personal Hotspot мүмкіндігіңізге құпия сөзді енгізбестен қосылу үшін пайдалану атты Apple Support мақаласын қараңыз.
Қосылымның күйін тексеріңіз. Ұялы сигналдың күшін көру үшін Wi-Fi status мәзіріне қараңыз.
Хотспортты пайдаланбаған кезде батарея қызмет мерзімін үнемдеу үшін iMac компьютеріңіз ажыратылады.
Қосымша мәліметтер. macOS жүйесінің пайдаланушы нұсқаулығындағы iPhone немесе iPad құрылғысын Интернетке қосылу үшін пайдалану бөлімін қараңыз.