Mac компьютеріңіздегі Dock тақтасы
Экранның төменгі жағындағы Dock жиі пайдаланылатын қолданбалар мен құжаттарды сақтауға арналған қолайлы орын болып табылады.
Қолданбаны немесе файлды ашыңыз. Dock тақтасында қолданбаның белгішесін басыңыз немесе Mac компьютеріңіздегі барлық қолданбаларды көру үшін Dock тақтасында Launchpad белгішесін басыңыз, одан кейін қалаған қолданбаңызды басыңыз. Сондай-ақ, қолданбаны Spotlight көмегімен іздеуіңізге, одан кейін қолданбаны тікелей Spotlight іздеу нәтижелерінен ашуыңызға болады. Соңғы ашылған қолданбалар Dock тақтасының ортаңғы бөлігінде пайда болады.
Элементті Dock тақтасына қосыңыз. Элементті қажетті жерге сүйреп апарып тастаңыз. Қолданбаларды Dock тақтасының сол жақ бөлігіне, ал файлдарды немесе қалталарды оң жақ бөлігіне орналастырыңыз.
Элементті Dock тақтасынан жойыңыз. Оны Dock тақтасынан сыртқа сүйреңіз. Элемент iMac компьютерінен емес—тек Dock тақтасынан жойылады.
Mac компьютеріңізде ашық тұрған барлық нәрсені қараңыз. Dock тақтасында Mission Control белгішесін басыңыз немесе ашық терезелеріңізді, жұмыс үстеліндегі бос орындарды, толық экран қолданбаларын және т.б. көру үшін олардың арасында ауысуды оңайлататын пернетақтаңыздағы пернесін басыңыз. Mac компьютеріңізде Mission Control мүмкіндігін пайдалану бөлімін қараңыз.
Кеңес: Dock тақтасын үлкенірек немесе кішірек ету, элементтерді қосу немесе жою, оны экранның сол жағына немесе оң жағына жылжыту және керек десеңіз, оны пайдаланбаған кезде жасырылатын етіп орнату үшін System Preferences терезесінде Dock түймесін басыңыз.
Қосымша мәліметтер. Mac компьютеріңіздегі Dock тақтасын пайдалану атты Apple Support мақаласын қараңыз.