Mac компьютеріңіздегі Dock тақтасы
Экранның төменгі жағындағы Dock жиі пайдаланылатын қолданбалар мен құжаттарды сақтауға арналған қолайлы орын болып табылады.
Қолданбаны немесе файлды ашыңыз. Dock тақтасында оның белгішесін басыңыз. Соңғы ашылған қолданбалар Dock тақтасының ортаңғы бөлігінде пайда болады.
Элементті Dock тақтасына қосыңыз. Элементті қажетті жерге сүйреп апарып тастаңыз. Қолданбаларды Dock тақтасының сол жақ бөлігіне, ал файлдарды немесе қалталарды оң жақ бөлігіне орналастырыңыз.
Элементті Dock тақтасынан жойыңыз. Оны Dock тақтасынан сыртқа сүйреңіз. Элемент iMac компьютерінен емес—тек Dock тақтасынан жойылады.
Кеңес: Dock тақтасын үлкенірек немесе кішірек етуіңізге, элементтерді қосуыңызға немесе жоюыңызға, оны экранның сол немесе оң жағына жылжытуыңызға және оны пайдаланбаған кезде жасырынатын етіп орнатуыңызға да болады. Dock тақтасының көріну жолын өзгерту үшін Dock тақтасында System Preferences белгішесін басыңыз немесе Apple мәзірі > System Preferences тармағын таңдаңыз. Одан кейін, Dock түймесін басыңыз.
Қосымша мәліметтер. Mac компьютеріңіздегі Dock тақтасын пайдалану атты Apple Support мақаласын қараңыз.